Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында 48 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Спорт кешеннің аумағы 1 гектарды құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Қазір нысанның металл конструкциясы құрылған. Жобада баскетбол, волейбол, кіші футбол және воркаут алаңы мен жаттығу залдары сондай-ақ, тренерлік кабинеттер мен жуыну бөлмелері қарастырылған.
- Заманауи спорт кешені ауыл тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысандардың бірі. Бүгінде жұмыстың 40%-ы аяқталды. Қалған жұмыстар кезең-кезеңімен іске асады. Медігер «Номад Құрылыс компаниясы» келер жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтайды деп күтілуде, - деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жаслан Сүндетов.