Осы айдың 19-21 күндері Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасына жолдамалар ойнатылуда.
Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады. Алайда айтулы додада спортшыларымыз 57 кг, 65 кг, 74 кг салмақтар бойынша жолдаманы жеңіп алмады.
- Бүгін ресми түрде Республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығы Түркия елінде өтетін жолдама үшін таласқа ұлттық құрама сапындағы екінші нөмерлі палуандар қатысады деп, хабарланды.
Аталған жарысқа 74 кг салмақтағы екінші нөмерлі палуан Атырау облысының белді спортшысы Талғат Сырбаз қатысатын болады. Ол Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін ел намысын қорғайды.