Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет Азия чемпионы болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық спортшы 15.033 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Ал, екінші және үшінші орынды қос қытайлық спортшы еншіледі.
Осыған дейінгі көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған Милад Каримидің бұл алғашқы алтын жүлдесі екенін айта кетейік.
Фото НОК РК