Мақаттық футболшылар ұлттық құраманың U-19 сапына шақырылды

Мақат ауданынан шыққан жас футболшылар Қазақстан Республикасының U-19 жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Расул Ерболұлы мен Жанмұрат Амандос ұлттық құрама сапына іріктеліп, ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Бұл жетістік жас спортшылардың табанды еңбегі мен Мақат футзалының соңғы жылдардағы жүйелі дамуының нақты нәтижесі ретінде бағаланып отыр. Ұлттық құрамаға шақырту – тек спортшылар үшін ғана емес, тұтас Мақат ауданының спорт саласы үшін үлкен мәртебе.

Айта кетейік, футболшылардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына алғашқы жаттықтырушылары Ержан Шарафиев, Жақсылық Амандосов және Әнуар Теңдібай зор үлес қосты. Бапкерлердің еңбегі мен шәкірттеріне деген жауапкершілігі бүгінгі жетістікке жол ашты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.