«Каспий ойындарында» атыраулық студенттер күміс иеленді

Ресей Федерациясы Астрахан облысында өтіп жатқан «Каспий ойындары» VII халықаралық универсиадасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы екі күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жеңіл атлетикадан сынға түскен  1-курс студенті Шыңғысхан Гүлхан мен 4 курс студенті Альфия Мухмиденова 1500 метр қашықтыққа жүгіруден үздіктер қатарына еніп, екінші және төртінші орындарды еншіледі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің фиджитал-футбол командасы сәтті өнер көрсетіп, ақтық сынға шықты. Финалдық бәсекеде сайыс қожайындарына есе жіберген біздің команда, күміс медаль иеленді.

"Универсиада аясында өтіп жатқан командалық ойындарда университетіміздің баскетбол командасы да сайысты сәтті бастады. Алғашқы ойында біздің жігіттер Астрахан мемлекеттік техникалық университетінен келген қарсыластарын 64:100 есебімен жеңді" делінген хабарламада. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ