Қазақстандық биатлоншы қыздар қысқы Азиаданың қола жүлдесін еншіледі

Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Әйелдер арасында 6 шақырымға эстафетадан ел құрамасы сапында Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая жарыс жолына шықты.

Жарыс қортындысында Қазақстан қыздар құрамасы 1 сағат 30 минут 01.9 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші кесті. Қытай және Оңтүстік Корея құрамасы тисінше алтын және күміс медалды өзара бөлісті.

Фото: ru.freepik.com