Астанада өткен матчта Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.
Бірінші таймнан кейін есеп 2:0 болды, ал екінші таймда Қазақстан құрамасы өз артықшылығын екі есе арттырды.
Ойын барысында Ғалымжан Кенжебек дубль жасап, оның еншісінде енді 9 матчта 3 гол бар.
Ұлттық құраманың тарихындағы ең үздік сұрмерген Бахтиер Зайнутдиновтың еншісінде енді 43 ойында 15 гол бар.
Қорғаушы Алибек Қасым ұлттық құрама сапында алғаш рет гол соқты.
Осы ойыннан кейін Қазақстанның қоржынында 6 ұпай бар, команда J іріктеу тобында 4-орында, яғни соңғының алдындағы орында тұр.
Келесі матч – 13 қазан күні сағат 23:45-те Скопье қаласында Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның жастар құрамасы (21 жасқа дейінгі ойыншылар) 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Андорра құрамасынан сенсациялық түрде жеңіліп қалған еді.
Фото: pixabay.com