Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық бокс турнирінде Қазақстан құрамасының 11 өкілі финалға жолдама алды, деп хабарлайды Atyraupress.
Ерлер арасында алтын жүлде үшін сынға түсетіндер:
Санжар Ташкенбай (50 кг дейін), Махмуд Сабырхан (55 кг дейін), Торехан Сабырхан (70 кг дейін), Аман Қонысбеков (75 кг дейін), Нұрбек Оралбай (85 кг дейін), Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін), Нұрасыл Асылхан (90 кг жоғары), Айбек Оралбай (90 кг жоғары).
Әйелдер арасындағы финалға шыққан боксшылар:
Назерке Серік (65 кг дейін), Умида Садыкова (80 кг жоғары), Панар Сеитханқызы (80 кг жоғары).
Сонымен қатар, қазақстандық тағы алты боксшы қола жүлдеге ие болды. Олар: Тимур Нурсеитов (75 кг дейін), Азамат Бектас (80 кг дейін), Нұрбек Мұрсал (70 кг дейін), Нұрзат Оңғаров (50 кг дейін), Гузаль Садыкова (80 кг дейін) және Элянур Тұрғанова (48 кг дейін).