Еуропа Кубогінің қола жүлдесі – атыраулық дзюдошыда!

15-18 маусым күндері Словения елінде дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, сайысқа 29 елден 324 спортшы қатысты. Ерлер арасында 100 келі салмақта Бекзат Шағатаев қола жүлдеге ие болды. Бекзат алғашқы кездесуінде Венгрия елінің спортшысына есе жіберді. Жұбаныш белдесуде Аустрия мен Әзірбайжан елінің өкілдерін, ал қола жүлде үшін таласта Германия елінің өкілін ұтты. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ