Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kaz.inform.kz

Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 9 минут 40.3 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады.

Сонымен қатар Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин мәреге 6-7 болып жетті.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан делегациясының қысқы Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі.

Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК