Белбеу күресінен халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе қаласында белбеу күресінен Марат Оспановты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей мемелкеттерінен 250-ден астам спортшы қатысты.

Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. 82 келі салмақ дәрежесінде Аруов Аманбек жарыс жеңімпазы атанды.

62 келіде Тұяқбай Ерсін мен 90 келіде Сәрсенғалиев Ибрагим ақтық сынға дейін жетіп күміс жүлдеге ие болса, 75 келіде Қайрғалиев Саян мен 90 келіде Мүтіш Думан үздік үштіктен көрінді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ