Бекәділ Шәймерденов Ханчжоудағы ойындарда «күміс» алды

Қазақстандық Бекәділ Шаймерденов күрес спортының құраш түрінен күміс медаль жеңіп алды. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз өзбекстандық Үмид Есановқа есе жіберді.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы бесінші күміс жүлдесі.

Еске салайық, Б.Шәймерденов ¼ финалға өту үшін тәжік атлеті Навруз Каримзоданы бір минутқа жетпей жеңген еді.

Ел құрамасында әзірге 27 медаль бар – 3 алтын, 5 күміс және 20 қола.