Атыраулық жасөспірімдер әлем чемпионатына жолдама алды

19-21 мамыр күндері Талдықорған қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 1500-ге жуық спортшы қатысты. Айбар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 30 алтын, 30 күміс және 26 қола медальға ие болды. Жарыс жеңімпаздары тамыз айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Спортшыларды жарысқа дайындаған –  Айбар Есенғалиев,  Қазболат Сатыбалдиев,  Қуандық Жаңбырбаев, Ақниет Ғабит, Райымбек Хисметов, Аманжол Бекбаулиев, Бектұр Тынышқали, Бауыржан Хинаятов, Нұрсұлтан Абдеш,  Жасұлан Баймашев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ