Атыраулық жүзуші ҚР чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Атыраулық 16 жастағы жүзуші Дарья Чеснокова Талдықорғанда өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Дарья Чеснокова 50 метрге арқамен жүзу сайысында бақ сынап, 29.88 секунд нәтижемен мәреге жетті.

Бұл жүлделі орын Дарьяға 19 мамыр күні Ташкентте өтетін Ашық Орталық Азия чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жерлесіміз 19 тамызда Румынияның Отопени қаласында өтетін Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуға үміткер. Бұдан бөлек, Дарья 21 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтетін III Жасөспірімдер Азия ойындарына қатысады.