14-18 маусым күндері Тайланд елінің Паттайя қаласында байдарка мен каноэда ескек есуден 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшы Евгений Русаков жұптық бағдарламада алтын жүлдеге ие болды. 500 метрде жұптық сайыста Трапезникова Вероникамен бірлесе 1 минут, 43 секундта мәре сызығын кесті. Екінші орынды Өзбекстан, үздік үштікті Вьетнам елінің спортшылары түйіндеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: облыстық спорт басқармасы