Атыраулық таеквондошы Әлем чемпионы атанды!

Атыраулық таеквондошы әскерилер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

31 мамыр-3 маусым күндері аралығында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында әскерилер арасында таеквондо WT спорт түрінен 27-ші әлем чемпионаты өтті. Атырау облысының спортшылары 1 алтын және 2 күміс жүлдеге ие болды. 57 келі салмақта Севостьянова Мария әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 49 келіде Бауыржанова Нұрай және 67 келіде Хұсайынова Нұрай күміс медаль еншіледі.

Айта кетсек, Мария бұған дейін Тегеранда өткен әлем чемпионатында да топ жарған болатын.