Атыраулық таеквандошылар халықаралық турнирде үздік атанды

15-18 қыркүйек күндері Грузия, Батуми қаласында таеквондодан “BATUMI OPEN” халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған турнирге Қазақстан,Өзбекстан, Әзірбайжан, Иран, Украина және Грузия елдерінен 500 ге жуық спортшылар қатысуда. Халықаралық турнирде атыраулық спортшылар Айтжан Марғұлан мен Марат Ерасыл алтын жүлде иегері атанды.