Атыраулық спортшы Олимпиадаға жолдама иеленді

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Эсмигүл Куюлова (63 келі) Олимпиада ойындарында жекелей сында жолдама иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол Халықаралық Дзюдо Федерациясының қосымша жолдамасына ие болды. Осылайша жекелей сында Атырау облысы атынан Абужакынова Абиба мен Куюлова Эсмигүл сынға түсетін болды. Осыған дейін Эсмигүлдің аралас командалық жарыста қатысатыны белгілі болған. Дзюдодан Олимпиада ойындары 26 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.