Атыраулық спортшы – Әлем Кубогінің жүлдегері!

Жандос Назарбеков Әлем Кубогінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

13-17 маусым күндері Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксингтен ерлер арасында Әлем Кубогі өтті. Сайысқа 50 елден 725 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшы Жандос Назарбеков К-1 нұсқасы бойынша 60 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Жандос Германия, Венгрия және Украина елдерінің өкілдерін ұтып, ақтық сында Израиль спортшысына ұтылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ