Атыраулық спортшы әлем біріншілігінен жүлделі оралды!

 «Олимпиададан медаль алған тұңғыш қазақ қызы болғым келеді…» дейді Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде қола медальді жеңіп алған атыраулық спортшы Абиба Әбужақынова, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Qazaqstan Olympic team" телеграм-парақшасынан білгеніміздей, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден "иппон" әдісімен басым түсті. Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын. 

Айта кетелік, Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: А.Әбужақынованың инстаграм парақшасы