Атыраулық парадзюдошылар паралимпиада ойындарын жеңді!

Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілет төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VІ Паралимпиада ойындары өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысының спортшылары парадзюдо бәсекесінде 6 алтын және 2 күміс медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орын алды.

Сариев Ануар, Тлекқабыл Альфия, Ташекенов Темірболат, Райфова Зарина, Аманжол Жанбота және Утепов Ерлан өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетті. Смағұлұлы Ғалымжан мен Әділбеков Абылай күміс жүлдегер атанды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ