Әзірбайжан, Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан гран-приде атыраулық пара дзюдошылар Жанбота Аманжол мен Утепов Ерлан қола жүлде иегерлері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Утепов Ерлан, Өзбекстандық Хушвактов Шахзодты иппон әдісімен ұтып, екінші кезеңде Бразилиялық Де Араужо Уилиансқа ұтылып, қола жүлде үшін белдесуде Моңғолия палуаны Даштсерен Ганбадты ұтып, қола жүлдені еншілесе Жанбота Аманжол, алғашқы белдесуде Неміс дзюдошысы Горал Даниелді иппон әдісімен ұтып, жартылай финалда Өзбекстандық балуан Кароматов Давурханға есе жіберді. Қола жүлде үшін белдесуде екінші Өзбекстандық Ирисбеков Отабекті иппон әдісімен ұттып қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, Аманжол Жанбота алғашқы белдесуінде аяғынан жарақат алып қалсада, жарақатына қарамастан жарысты жалғастырды.