Әзірбайжан, Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан гран-приде атыраулық Сариев Ануар 60 келі салмақ дәрежесінде J2 санатында күміс жүлде иегері атанып алдағы пара олимпиада ойындарына қатысуға ұпай санын жинады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
А.Сариев бірінші кездесуін өткен жылғы Әлем чемпионы украйналық дзюдошы Давит Харованы таза иппонмен жеңіп, екінші кездесуінде Корей палуаны Ли Мин Жиді вазари ұпайымен ұтып жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Гүржістан палуаны Мигриджанашвили Нукриді вазари ұпайымен ұтып ақтық сынға жолдама алды. Ақтық сында Рио паралимпиадасының чемпионы Намозов Шерзодқа есе жіберіп күміс жүлдені олжа тұтты.
Фото: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі