Маңғыстау облысында Дербіс атаның 160 жылдығына орай Қазақ күресі ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Нәтижесінде, өгіз палуан сайысында 75 келі салмақта атыраулық спортшы Айболат Ыстыбай бірінші орын иеленді. Ал, түйе палуанда тағы бір атыраулық палуан Сұңғат Закарияев екінші орынға қол жеткізді.