Атыраулық өнерпаздар Астанадағы этноауылда концерт қойды

V Дүниежүзілік көшенділер ойындары аясында Астана қаласында құрылған этноауылда атыраулық өнерпаздар мерекелік концерт қойды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлының шығармалары әуелеген Атырау концерті 500-ге жуық көрерменді жинады, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Астаналықтар, қала қонақтары мен шет мемлекеттерден келген туристердің басын қосқан мерекелік концертте "Дина Нұрпейісова" атындағы оркестрі, "Інжу - маржан" би тобы, "Құрмет ордені" иегері Қайрат Какимов, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, күйші Жәнібек Жәмиев, қылқобызшы Ақнәр Тәттібайқызы және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

Еске сала кетсек, этноауылда Атырау облысы үш киіз үй құрды. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 200-ден астам құнды экспонаттар әкелді. Махамбет атындағы академиялық облыстық қазақ драма театры, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы өнерпаздары өнер көрсетуде.