Атыраулық қолөнершінің бұйымы шетелдіктерді таңқалдырды!

Атыраулық қолөнершінің көшпенділер ойындарының эмблемасын теріден жасаған бұйымы шетелдіктерді таңқалдырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көшпенділер ойындарының эмблемасын теріден жасап әкелген ерекше қолөнер иесі - атыраулық Нұрсұлтан Қалиев. Атыраулық шебердің қолынан шыққан бұйымдар V дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жұмысын бастаған этноауылда көрмеге қойылды. Атыраулық қолөнерші осымен халықаралық деңгейдегі үшінші көрмеге қатысып отыр.

Возможно, это изображение слон и текст

"Көшпенділер ойындарына қылқобыз, шебердің қолы, ұршық сынды ерекше композицияларымды алып келдім. Тері, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар негізінен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы ерекше сыр шертеді. Ал, V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының теріден жасалған эмблемасы - халықаралық бәйгенің экспозициялық символы болып отыр" дейді қолөнерші Нұрсұлтан Қалиев.

Возможно, это изображение слон, терн и текст

Еске сала кетсек, 6 қыркүйек күні атыраулық делегация V дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Бірлік керуеніне" қатысқан болатын. Әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы бақ сынасатын халықаралық додаға Атырау облысынан үш спортшы қатысуда. Олар - алыш күресі бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Нұржан Сәрсенғалиев, құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері Арман Қошқаров және дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Марат Бексұлтан. 3 спортшы, 10 елшіден тұратын атыраулық көшті батыр, Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Сұңғат Закарияев бастап барды.