Атыраулық дзюдошылар Грузиядан жүлделі оралды

18-20 мамыр күндері Грузия елінің Тбилиси қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Додаға қырыққа жуық елден 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы 6 медальмен командалық есепте екінші орынға ие болса, оның екі медалін атыраулық спортшылар жеңіп алды. J2 санатында +70 келі Райфова Зарина күміс жүлдегер және +90 келі Шүкірбеков Жорқанмырза қола жүлдегер атанды.