30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Әзірбайжан, Баку қаласында 2009-2010 жылғы туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан Европа чемпионы Ариф Гасымовты еске алуға арналған “Баку Кубогі” өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
600-ге жуық спортшы қатысқан “Баку Кубогінде” 30 келіде Абди Айдын, 34 келіде Серікұлы Жанболат, 34 келіде Лұқпан Елдос, 38 келіде Қанат Заңғарбек, 46 келіде Калимжан Нұролла, 55 келіде Лұқпан Арман, 66 келіде Жұмабай Марғұлан сынды спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кетсек, спортшылардың барлығы – жуырда ғана ашылған Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары және бұл – аталған мекеменің алғашқы жүлдесі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ