Атыраулық боксшы ел чемпионы атанды

Орал қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 46 келі салмиақ дәрежесінде Хиникин Алмас чемпион атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал, Джарбулов Артур 63,5 келіде қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, осы қалада ересектер арасында WKF каратеден өтіп жатқан ел чемпионатында да атыраулық спортшылар топ жарды. Атап айтқанда, Батырғали Әбілмансұр 75 келіде және Жалғас Ұлмекен +68 келіде чемпион атанса, Кенжебай Нұрбек -60 келі, Нұрберген Дамир -75 келіде күміс жүлде иегерлері атанды.