Атыраулық баскетболшылар – қола жүлдегер

Атыраулық баскетболшылар Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аясында баскетболдан ерлер командалары арасында үздіктер анықталды. Жарысқа Қазақстанның жеті өңірінен командалар қатысты - Алматы, Астана, Атырау облысы, Түркістан облысы, Шымкент, Алматы облысы,Ақмола облысы. Нәтижесінде Астана қаласы бірінші, Шымкент қаласы екінші және Атырау облысы құрамасы үшінші орынға ие болды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ