Атыраудағы проблемаларды енді футбол клубы шешпек

«Атырау» футбол клубы көмек қорын ашты. Сол арқылы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешпек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қор «FC Atyrau Foundation» деп аталады. Осыған ұсқас қорлар атақты  «Барселона», «Севилья», «Бенфика», «Ливерпуль», «Бавария» және басқа да еуропалық клбутарда да бар екен.

«Мақсат – адамдарды біріктіріп, шабыттандырып, қолдау көрсету. Біз осылайша қоғамға өз пайдамызды тигізе алатынымызды көрсеткіміз келеді. «Атырау» футбол клубының бренді арқылы қарапайым халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз. Мен жергілікті бизнес пен қоғамдық бірлестік иелерін және барлық жанашыр азаматтарды бұл кең көлемдегі стратегияны жүзеге асыруға шақырамын» дейді «Атырау» футбол клубының бас менеджері Алишер Апсалямов

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: «Атырау» ФК