Атырау қаласында 2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы су добынан Қазақстан Республикасы чемпионатының біріншілігі айналымы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған чемпионаттың 1-ші айналымына Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысы құрама командалары қатысуда. Чемпионат ережесіне сәйкес 1-ші және 2-ші айналым еліміздің батыс өңірлерінде іріктеу кезеңі өтеді.
Су добынан ел чемпионатының 2-ші айналымы Ақтөбе облысында өтетін болады. Батыс аймақтық іріктеуден соң әр өңірден үздік деп танылған екі команда республика көлемінде финалдық ойындарға қатысатын болады.