Атырауда спортшыларды медициналық сүйемелдеу жүйесі кеңейтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс басқармасы хабарлады. Жыл сайын 3 000 спортшы медициналық бақылаудан өтеді, ал облыс құрама командаларының спортшылары жылына кемінде 2 рет дәрігерлік тексеруден өтеді. Бұл жарақаттардың алдын алуға және жоғары спорттық нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.
Спорттық медицинаның дамуы кәсіби және бұқаралық спортты біріктіруге септігін тигізеді, спортшыларға арнайы диета, реабилитация және психологиялық қолдау көрсетіледі. Бұл жүйе, әсіресе жас спортшылардың дамуы мен ұзақ мерзімді денсаулығына оң әсер етеді.
Айта кетейік, спорттық медициналық диспансер мемлекеттік тапсырыс аясында ашылып, барлық спортшыларға кешенді медициналық қызмет көрсетіледі.