Атырауда параспортшыларыға мүмкіндіктер молайды

Атырауда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа тарту шаралары кеңейіп келеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс басқармасы хабарлады. Қазіргі таңда 1 389 адам тұрақты түрде спортпен айналысады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім (917 адам). Клубта тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту және көру қабілеті зақымдалған 408 спортшы тегін спортпен айналыса алады.
Облыс мектептерінде мүгедек балаларға арналған арнайы спорт сабақтары ұйымдастырылып, олардың дене дамуы мен әлеуметтік интеграциясы қолдау табуда. Сондай-ақ, өңірлік жарыстар мен турнирлерге қатысу мүмкіндігі беріліп, спортшылардың халықаралық жарыстарға шығуы жеңілдетілуде.
Айта кетейік, барлық спорт нысандары мүгедек спортшыларға толық қолжетімді етіп жабдықталған. Жетекші бапкерлер 7 аудан бойынша қызмет көрсетіп, арнайы 6 автокөлікпен қамтамасыз етілген.