Атырау облысында ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны артты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс басқармасы мәлімдеді. 2025 жылы 27 847 адам ұлттық спортпен шұғылданса, өткен жылмен салыстырғанда 2 489 адамға көбейді. Ауылдық жерлерде 14 352 адам ұлттық спортқа қатысуда.
Облыс мектептерінде ұлттық спорт сабақтары енгізіліп, дәстүрлі спорт түрлері бойынша олимпиадалық жарыстар мен ауылдық турнирлер өткізіліп жатыр. Бұл жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуда.
Айта кетейік, облыста ұлттық спорттың 11 түрі дамып, 199 жаттықтырушы қызмет атқаруда. Жаңа ұлттық спорт клубтары жастарды дәстүрлі қазақ спорт түрлеріне баулып, ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын кеңейтуде.