8-10 қыркүйек күндері «Жайық» және «Атырау» спорт кешендерінде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Динамо» дене шынықтыру қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі сарапқа салынды. Бұл туралы қоян-қолтық ұрыс федерациясының аға жаттықтырушысы Хайдар Есенғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Атылған жарыста Астана, Алматы және еліміздің 13 облысынан, 80 астам спортшы бақ сынады. Ерлер арасындағы командалық сайыста 1 орын Астана, 2 орын Атырау, 3 орын Алматы қаласына бұйырды. Ал әйелдер арасында 1 орынды Атырау, 2 орынды Алматы, 3 орынды елордалықтар иеленді,- деді Х.Есенғалиев.
Жекелеген сайыста өңір спортшылары есе жібермеді. 67 келі салмақта Әли Өтеген, 97 келі салмақта Нұрберген Мырзакен, 70 келі салмақта Алихан Сейтов, 90 келі салмақта Бек Насихатов, әйелдер арасында 58 келі салмақта Диана Жұмағазиева, 70 келі салмақта Гүлбану Саматова чемпион атанды.