“Мұнайшы” стадионында 12-13 жас аралығындағы оқушылар арасында футболдан турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында «DamuBala» платформасының қатысушыларынан 15 және Атырау футбол орталығынан 1 команда қатысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Мұқановтың айтуынша, турнир апта соңына дейін жалғасады.
- Футбол өте тартысты өтіп жатыр. Ойында 4 төреші бар. Жеңімпаз 3 команда қалалық «АFL-2024» футбол турнирінің чемпионы атанады.Мақсаты – балалардың спорттық қабілетін дамыту, тәжірибе жинау және командалық рухты нығайту, - деді А.Мұқанов.
Айта кетейік, спорттық дода үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.
Сәуле МАҒАУ