Атырауда балалар спортын дамытуға 1,8 млрд теңге бөлінді

Атырауда балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға 1,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс басқармасы түсіндірді. Қаражат спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 18 автобус сатып алуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалды. Қазіргі таңда 18 184 бала тегін спортпен шұғылдануда.
Спорттық құралдардың жаңартылуы мен қауіпсіздік шараларының күшейтілуі балалардың жүйелі түрде жаттығуына, жарақат алу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кейбір ауылдық мектептерде жаңа спорт алаңдары салынып, балаларға қосымша сабақтан кейінгі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Айта кетейік, облыста 31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның 22-сі ауылдық жерлерде орналасқан. Мектептерде 36 спорт түрі дамытылып, оның 20-сы олимпиадалық бағдарламаға кіреді.