Атырауда алғаш рет баскетболдан халықаралық турнир өтпек

15-16 маусымда өткізу жоспарланған турнирге Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан барлығы 12 команда қатысады. Оның ішінде Атырау қаласынан үш команда бақтарын сынамақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

- Өткен жылы “3x3 Almaty Quest” баскетбол турнирі Алматы қаласында өтті. Сол кезде FIBА атқарушы директоры Алекс Санчес іс-шараның ұйымдастырылу сапасына жоғары баға беріп, биыл екі бірдей үлкен турнирді елімізде өткізуді сеніп тапсырды. Бұған дейін Астана және Алматы қалаларында Quest деңгейінде өткен болса, енді Атырау қаласында ұйымдастырылмақ, - деді Атырау облыстық баскетбол федерациясының төрағасы Булат Мухамбеткалиев.

Турнир финалисттері Алматы қаласында өтетін жоғары деңгейдегі “World Tour Masters Almaty-2024” жарысына жолдама алады.

Айта кетейік, бұл Қазақстан Баскетбол федерациясы мен Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасымен өтеді.