«Damubala» платформасы арқылы 20 314 оқушы 17 спорт түрінен 741 үйірмеде тегін жаттығады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, оның 77%-ы қала аумағында тіркелген. Жалпы, «Damubala» бағдарламасы мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 2021 жылдан бері жүзеге асып келеді.
- Нәтижесінде жыл сайын республикалық, халықаралық додаларда аймақтың намысын қорғайтын жас спортшылардың қатары көбеюде. Аталған бағдарлама балалардың спорттық мүмкіндіктерін дамытып қана қоймай, тәртіп пен табандылыққа үйретеді, - деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ернұр Ниетжанов.
Оқушылар «Damubala» платформасы арқылы бокс,баскетбол, волейбол, қазақ күресі, грек-рим,еркін күрес, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, жүзу, спорттық би, таеквондо, шахмат, футбол, көркем гимнастика, бейімделген жүзу және боччамен шұғылдана алады.
Ернұр Ниетжановтың айтуынша, балалардың басым көпшілігі футбол, шахмат және жүзу спорт түрін таңдайды.