Заманауи алаң«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша салынған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы аумағы 1022 шаршы метрді құрайтын аумақта спортпен шұғылдануға қажетті түрлі жабдық орнатылған.
- Стадион үсті тормен жабылып, қабырғалары қатты қалың темірмен қоршалды. Ал футбол алаңына Dtex фирмасының 13000 талшығы бар жасанды жабыны төселді. Мұның барлығы балалардың қауіпсіздігі үшін, - деді қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин.
Сондай-ақ, мұнда воркаут алаңы жасақталып, жарық шамдар мен тынығу орындары және қоқыс жәшіктері қойылған.
- Жоба бойынша осы Ардагер ықшам ауданы тұрғындары болып спорт алаңын салу бойынша өтініш берген болатынбыз. Міне бүгін сол өтінішіміз орындалып, балалар үшін үлкен қуаныш болып отыр,-деді қала тұрғыны Тілекқабыл Жұбаналиев.
Айта кетейік, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан осындай 17 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.