Аман Бақытжан Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды

Париж қаласында өтіп жатқан беделді Grand Slam халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Жоғары деңгейдегі додада ел намысын қорғаған отандасымыз шешуші белдесулерде табандылық танытып, жүлделі үшінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже Аман Бақытжанның халықаралық аренадағы тұрақты дайындығы мен кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.

Айта кетейік, Grand Slam турнирі әлемнің үздік спортшылары қатысатын, рейтингтік ұпайлар мен Олимпиада жолдамаларына тікелей әсер ететін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Сурет - “Казспорт”арнасы парақшасынан.

Серікбол Панабердиев

Сурет: olympic.kz