Жастарға есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді

Атырау облысы жоғарғы спорт шебері мектебінің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп” жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында есірткі қылмысына қарсы құқықбұзушылықтарының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтіп,Атырау облысы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы қатысты.

001c05cd cd5b 485b b397 7e8d05708789 1

Кездесу барысында қатысушыларға есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар есірткі қылмыстарының салдары, оның адам өмірі мен болашағына тигізетін зияны жөнінде түсіндіріп, жастарды заңға бағынуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

5ed81268 4da7 4717 be62 26652a4bf8a8

Шараның басты мақсаты-қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.

ecc3924f a87c 4b84 8369 aef6b8775f4b 1

Есірткі курьері болу-«оңай ақша» емес, бұл-өз болашағыңды құрту.
Сондықтан өмірді таңда, есірткіге «Жоқ!» деп айт!