Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сағаттан кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі астана уақытымен сағат 4:00-де (Вашингтон уақытымен 18:00) өтеді», – деп бейсенбі күні Ақорда баспасөз қызметі КазТАГ редакциясына растады.
Айта кетейік, АҚШ басшысымен кездесуден бөлек, Тоқаевтың «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысуы да жоспарланып отыр.
Фото: Ақорда