Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны – Теңізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қызметкерлердің қатысуы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта кен орнында бір вахтада әртүрлі мамандықтағы 10 мыңнан астам қызметкер еңбек етуде.
Барлық ниет білдірген азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін кен орны аумағында 6 орында 8 уақытша дауыс беру учаскесі ашылды. Қызметкерлер өздеріне ыңғайлы учаскені таңдап, өндірістік процестен қол үзбей дауыс бере алады.
Сонымен қатар, кен орнында қызметкерлерді сайлау учаскелеріне жеткізу үшін автобустар қатынап жатыр.