Референдум тек саяси шешім қабылдау құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы түрлі көзқарастарды ашық талқылауға мүмкіндік беретін алаң.
Мұндай маңызды мәселелерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу азаматтардың мемлекет ісіне қатысуын арттырады. Сонымен қатар референдум барысында айтылатын пікірлер мен ұсыныстар билікке қоғамның нақты сұранысын түсінуге көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, референдум қоғамдық диалогты дамытуға және елдегі тұрақтылықты сақтауға қызмет етеді.
Бақберген Сақипов,
Amanat партиясы Индербор бастауыш ұйымының төрағасы