Өңірлік коалиция мүшелері мақаттық дәрігерлермен кездесті

Елімізде 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. 

Саяси науқанның халыққа тиімді тұстарын түсіндіру үшін өңірлік коалиция мүшелері Мақат аудандық аурухана ұжымымен кездесу өткізді. Жиында өңірлік коалиция мүшелері дәрігерлерге референдумның негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ, алдағы саяси науқанның ерекшеліктері түсіндіріліп, азаматтардың өз таңдауын жасау құқығы жөнінде айтылды. Ал медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.