Бүгін Махамбет ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Арман Бағытжанұлы Әділғалиев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол осы уақытқа дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жаңа орынбасарын ұжымға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Арман Әділғалиев 1981 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
2005-2007 жылдар аралығында Атырау облыстық білім беру департаментінде жетекші маман;
2007-2008 жылдар аралығында Атырау облыстық ішкі саясат департаментінде бас маман;
2008-2010 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттардың орындалысын бақылау бөлімінде бас маман;
2010-2013 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық білімінің бас инспекторы;
2013 жылдың ақпан-қазан айында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары;
2013-2016 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратында Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы;
2016-2019 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық білімінің бас инспекторы;
2019 жылдан бүгінге дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметінде болды.