Алға ауылындағы референдум учаскесінде дауыс беру жұмыстары жалғасуда. Учаскеге келген шекарашы өз таңдауын жасап, референдумға қатысты.
Ол мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әр азаматтың азаматтық міндеті екенін атап өтті. Ауыл тұрғындары да учаскеге келіп, белсенді түрде дауыс беруде. Дауыс беру үрдісі талапқа сай ұйымдастырылып, қалыпты жағдайда өтуде.