АҚШ-та сапарда жүрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Бұл келісім екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, маңызды минералдар мен сирек кездесетін элементтерді барлау, өндіру және өңдеу бағытындағы жаңа бірлескен жобаларға жол ашады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің өзге де өкілдерімен кездесті.